Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Боран мен қатты аяз: 19 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Бүгiн, 21:37
269
Бөлісу:
 pexels.com
Фото: pexels.com

"Қазгидромет" 2026 жылғы 19 қаңтарға ел ы бойынша жалпы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Болжамға сәйкес, дүйсенбі күні еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде қар жауады. Солтүстік-батыс пен солтүстікте жаяу бұрқасынмен бірге боран соғады.

Қазақстанның қалған өңірлерінде жауын-шашынсыз, аязды ауа райы болжанып отыр.

Республика бойынша тұман, көктайғақ және желдің күшейеді.

Түнде Шығыс Қазақстан облысында, Абай облысының шығысында қатты аяз -40°C сақталады. Жетісу облысында ауа температурасы -22…-27°C дейін төмендейді. Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында -22°C қатты аяз.

Ал Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында түнде өте қатты аяз -45°C дейін сақталады.

Өзгелердің жаңалығы