Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Боран мен көктайғақ: ІІМ жүргізушілерді жолға шықпауға шақырды

Кеше, 22:53
271
Бөлісу:
 Polisia.kz
Фото: Polisia.kz

Ішкі істер министрлігі еліміздің бірқатар өңірінде ауа райының күрт нашарлауына байланысты жүргізушілерге дауылды ескертулерді ескеріп, сапарға шықпау жөнінде үндеу жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, бірнеше рет берілген ресми ескертулерге қарамастан, кейбір азаматтар боран мен көктайғақ кезінде жолға шығып, өз қауіпсіздігіне қауіп төндіріп отыр.

ІІМ деректеріне сәйкес, ауа райының қолайсыздығынан автомобиль жолдарында көлік құралдарының қар құрсауында қалу фактілері тіркелуде. Мұндай жағдайлар жол қозғалысына қатысушылар үшін қосымша қауіп төндіріп қана қоймай, құтқару және жолды ашу жұмыстарына полицияның қосымша күштерін тартуды қажет етеді.

Министрлік жариялаған бейнематериалда полицейлердің боранды ауа райында жүргізушілерге көмек көрсетіп, көліктерді қардан шығару жұмыстарын жүргізіп жатқаны көрінеді.

ІІМ жол қозғалысына шектеулер енгізу мен жолдарды жабу шаралары жол-көлік оқиғаларын болдырмау, азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында ғана қабылданатынын атап өтті. Полиция қызметкерлерінің заңды талаптары мен бекітілген шектеулерді барлық жүргізушілер міндетті түрде орындауы тиіс.

Тәртіп сақшылары жүргізушілерге дауылды ескертулерге назар аударып, қолайсыз ауа райында сапардан бас тартуға, сондай-ақ жол қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

Өзгелердің жаңалығы