Боран, көктайғақ: Республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысы шектелді

2025 жылғы 11 желтоқсанда сағат 13:30-дан бастап ауа райының нашарлауына байланысты Қызылорда және Ақтөбе облыстарындағы республикалық автожолдардың кейбір учаскелерінде барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Абай облысы ПД 11 Желтоқсан 2025 2025, 14:27
11 Желтоқсан 2025 2025, 14:27
913
Фото: Абай облысы ПД

2025 жылғы 11 желтоқсанда сағат 13:30-дан бастап ауа райының нашарлауына байланысты Қызылорда және Ақтөбе облыстарындағы республикалық автожолдардың кейбір учаскелерінде барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қызылорда облысы:
"РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Хоргос – ҚХР шекарасы" автожолының 1240–1806 шақырымдары (Ақтөбе облысының шекарасы – Қызылорда қаласы).

Ақтөбе облысы:
Осы автожолдың 1153 –1240 шақырымдары (Ырғыз ауылы – Қызылорда облысының шекарасы).

Жолдардың ашылу уақыты шамамен 2025 жылғы 12 желтоқсан, сағат 05:00.
Жүргізушілерге сапарларын алдын ала жоспарлап, жол қауіпсіздігі ережелерін сақтауға кеңес беріледі.

Наверх