Боран, бұрқасын: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды

Кеше, 23:15
598
Бөлісу:
Боран, бұрқасын: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Фото: BAQ.KZ - архив

Астана мен еліміздің 17 облысында ауа райының бұзылуына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, Астанада жаяу бұрқасын жүріп, оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда соққан жел екпіні 15-18 м/с құрайды деп күтіледі.

Ақтөбе облысының солтүстігінде көктайғақ, тұман болады деп күтіледі. Күндіз өңірдің басым бөлігінде, түнде облыстың солтүстігінде оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Қостанай облысының солтүстік бөлігінде бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Қостанайда түнде және таңертең бұрқасын жүреді, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.

Күндіз Қызылорда облысының орталығында, шығысында шығыстан сағатына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады деп болжанады.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда тұман болады деп күтіледі.

Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында соққан жел екпіні 15-20 м/с құрайды. Шымкентте, сондай-ақ Түркістанда түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.

Түнде Жетісу облысында, күндіз облыстың шығысында, таулы аудандарында жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады. Облыстың шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 25 м/с дейін жетеді. Түнде облыстың шығысында, таулы аудандарында 25 градус қатты аяз болады деп күтіледі.

Атырау облысында оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Маңғыстау облысында облыстың батысында, орталығында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Ақтауда да оңтүстік-шығыстан жел соғады, түндегі екпіні - 15-18 м/с.

Түнде Абай облысының оңтүстігінде қалың қар жауады деп күтіледі. Түнде және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді. Күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында тұман болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Семейде түнде бұрқасын жүреді, солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің түндегі екпіні - 15-18 м/с.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда тұман болады. Таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қалың қар жауады деп күтіледі. Түнде және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді. Күндіз облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Өскеменде түнде бұрқасын жүреді. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің түндегі екпіні - 15-18 м/с.

Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Оралда түнде жаяу бұрқасын жүріп, күндіз көктайғақ болады деп күтіледі. Жел оңтүстіктен соғады, күндізгі екпіні - 18 м/с.

Ақмола облысында бұрқасын жүреді, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 25 м/с дейін жетеді. Көкшетауда кей уақыттарда жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, 9-11 қаңтарда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында соққан желдің екпіні 15-20 м/с, 10 қаңтарда 23-28 м/с дейін жетеді. Таразда 9-11 қаңтарда тұман болады.

Солтүстік Қазақстан облысында қар жауады деп күтіледі. Бұрқасын жүріп, күндіз облыстың батысында көктайғақ болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 25 м/с дейін жетеді. Петропавлда бұрқасын жүріп, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұста 23 м/с дейін жетеді.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Алматыда кей уақытта тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Қонаевта да аздап тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында қатты жауын-шашынның түсуіне байланысты қар көшкіні жүруі мүмкін. Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды.

Өзгелердің жаңалығы