"Бомба қойылған": Үнділік ұшақ шұғыл түрде Түркия әуежайына қонды

8 Қыркүйек 2024, 03:25
4669
Бөлісу:
"Бомба қойылған": Үнділік ұшақ шұғыл түрде Түркия әуежайына қонды
Фото: aa.com.tr

Air Vistara компаниясының ұшағы бомба қойылғаны туралы хабарламаға байланысты Эрзурум қаласының әуежайына шұғыл түрде қонды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Anadolu Ajansi агенттігі таратқан мәліметке сәйкес, Мумбай-Мюнхен рейсі бойынша ұшақ бортында 247 жолаушы болған.

Үнділік әуе компаниясының ұшағы ұшу кезінде бортта бомба қойылғаны туралы хабарлама түскен. Әуе кемесі сол себепті Эрзурум қаласына қонуға мәжбүр болды. Қазір ұшақ қауіпсіз аймақта. Әуежайдан ұшақтарды қабылдау мен жөнелту уақытша тоқтап тұр. Мамандар тексеріс жүргізіп жатыр. Егер қауіп расталмаса, ұшақ ұшуын жалғастырады, - деп атап өтті Эрзурум қаласының губернаторы Мустафа Чифтчи.

Бомба туралы 600 жолаушы сыятын ұшақ Түркияның әуе кеңістігіне кірген кезде белгілі болған. Бастапқыда ол Орду қаласының әуежайына ұшуға сұранғанымен, Эрзурумға қонғаны айтылды.

Өзгелердің жаңалығы