Қазақстанның соңғы жаңалықтары

"Бомба бар": Ақтау әуежайында елді дүрліктірген әйел 5 жылға сотталуы мүмкін

23 Тамыз 2025, 19:51
1442
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Ақтау әуежайында қолында кішкентай сәбиі бар әйел ұшақта бомба барын айтып, жолаушыларды дүрліктірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

27 жастағы әйел әуе кемесінде жарылғыш зат барын айтқан соң барлық жолаушы мен экипаж мүшелері шұғыл түрде эвакуацияланып, ұшақ бес сағаттан астам уақыт бойы арнайы қызмет мамандарының тексеруінен өтті. Нәтижесінде ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ.

Куәгерлердің айтуынша, әйелдің мұндай әрекетіне эмоционалдық күйзеліс себеп болуы мүмкін.

Қазіргі таңда әйел ұсталды. Көлік полициясының департаменті бұл фактіні растап отыр. Маңғыстау стансасындағы желілік полиция бөлімі ҚР ҚК "Терроризм актісі туралы жалған хабарлама жасау" бабымен қылмыстық іс қозғаған.

Тергеу жүріп жатыр. ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес, өзге деректер жария етілмейді.

Өзгелердің жаңалығы