Боливияда уақытша президент тағайындалды

14 Қараша 2019, 03:40
3156
Бөлісу:
Боливияда уақытша президент тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оңтүстікамерикалық мемлекетте конституциялық соттың шешімімен уақытша президент тағайындалды. Сөйтіп Боливия сенаторы Жанин Аньес қызметке кірісіп, ант қабылдады, деп хабарлады 24.kz.

Өз сөзінде Аньес жақын арада президенттік сайлау өткізетінін айтты.

Еске сала кетейік, Боливияның бұрынғы президенті елдегі бірнеше аптаға созылған ереуілдерден соң отставкаға кеткен еді. Өз өміріне алаңдаған Моралес Мексикаға қашқан. Бұл арада Ла-Пастағы толқулар әлі де жалғасып жатқанын айта кетейік.

Елге қалайда демократияны қайтарамын деп уәде беремін. Лауазымға уақытша келдім. Себебі боливиялықтар демократия орнатылған еркін өмірге лайық. Енді біздің дауыс беру құқығымызды ешкім тартып ала алмайды, - деді Боливияның уақытша президенті Жанин Аньес.

Өзгелердің жаңалығы