Боливия президенті Родриго Пас үкіметке қарсы наразылықтар аясында елдегі әлеуметтік жағдайды тұрақтандыру мақсатында өзінің және министрлер кабинетінің жалақысын 50%-ға қысқарту туралы шешім қабылдады.
ТАСС агенттігінің хабарлауынша, Президент бұл қадамның мемлекеттегі қиындықтар мен жеткізілімдегі үзілістер кезінде қоғамға қолдау көрсетуге бағытталғанын айтқан. Ол жалақыны қысқарту төменгі деңгейдегі мемлекеттік қызметкерлерге әсер етпейтінін нақтылады.
Сукреде өткен ресми іс-шара барысында Пас бұл шешімнің ел алдындағы жауапкершілік пен үкіметтің халықпен бірге екенін көрсету үшін қабылданғанын айтты. Сонымен қатар, ол билік диалогқа ашық екенін, бірақ тек қысымсыз және конструктивті форматта келіссөз жүргізуге дайын адамдармен ғана сөйлесетінін жеткізді.
Боливияда соңғы апталарда үкіметке қарсы наразылықтар күшейіп, бірқатар аймақтарда жолдар жабылған. Билік бұл жағдайға экс-президент Эво Моралестің жақтастарын айыптап отыр. Бұған дейін Ла-Паста болған қақтығыстар кезінде ондаған адам ұсталғаны хабарланған.