Болгарияның ең ірі университеттерінде қазақ тілі оқытылатын болады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Білім саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мақсатында Қазақстанның Болгариядағы Елшісі Виктор Темірбаев «Әулие Клемент Охридский» атындағы София университетінің ректоры Анастас Герджиковпен кездесті.
Кездесу барысында 2018 жылдың қазан айында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен әріптестік келісім негізінде құрылған әл-Фараби ғылыми-білім беру және мәдени орталығының қабырғасында қазақ тілін оқыту тәжірибесін одан әрі ілгерілетуге ерекше назар аударылды.
Университет басшылығының айтуынша болгар студенттері арасында қазақ тілін үйренуге деген қызығушылық артып келе жатқан көрінеді және осы пәнді «Түркология» факультетінің оқу жоспарына енгізбек.