Болгарияда қатаң шектеу шаралары енгізілді

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Болгарияда мектептер мен сауда орындары жабылды. Қатаң шектеулер енгізуге коронавирустың өршуі себеп, деп жазды Хабар24.</h4>

 23 Наурыз 2021 2021, 12:45
23 Наурыз 2021 2021, 12:45
1828

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Болгарияда мектептер мен сауда орындары жабылды. Қатаң шектеулер енгізуге коронавирустың өршуі себеп, деп жазды Хабар24.

Рейтер агенттігінің хабарлауынша, бұл елде күніне 3 жарым мың адамға дейін індет жұқтыруда. Ал 21 наурызда 8 мың 545 тұрғын ауруға шалдыққан. Бұл COVID-19 былтыр алғаш таралғалы бері тіркелген ең жоғары көрсеткіш. Үкімет карантинді 10 күнге жариялады. 


Шектеу шараларынан біз зиян шегеміз. Өзіміз құрдымға кеткелі тұрғанда, бұл жығылғанға жұдырық болды. Еңсе көтере алмай отырмыз, - деді мейрамхана менеджері Дарил.



Наверх