Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Болгарияда алғаш рет әйел адам президент болып сайланды

Бүгiн, 07:13
221
Бөлісу:

61 жастағы Илияна Йотова Болгариядағы президенттік институттың 33 жылдық тарихында алтыншы мемлекет басшысы атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұрынғы президент Румен Радев елді терең саяси дағдарыстан шығаруға ықпал еткісі келетінін мәлімдеп, 19 қаңтарда отставкаға кеткен. 23 қаңтардағы Конституциялық соттың шешіміне және Конституция талаптарына сәйкес, вице-президент өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін президент қызметіне кіріседі. Осылайша, Болгария өз тарихында алғаш рет әйел президентті әрі қарулы күштердің жоғарғы бас қолбасшысын иеленді, деп хабарлайды Болгария ұлттық радиосы.

Жаңа қызметінде Илияна Йотова парламенттік партиялармен консультациялар өткізгеннен кейін сайлау күнін белгілейді.

Бұл сайлау соңғы бес жылдағы сегізінші рет өтетін сайлау болмақ. Бұған парламенттік күштердің жаңа үкімет құра алмауы себеп болып отыр, — делінген жарияланымда.

Соңғы тоғыз жыл ішінде Илияна Йотованың қызметіндегі басты басымдықтар шетелдегі болгар қауымдастықтарын қолдау, жексенбілік мектептерді сақтау және болгар тілін оқыту мәселелері.

Өзгелердің жаңалығы