Болат Ұзақов. Әртістердің әлеуметтік жағдайы. Театр тілі мен көрермен талғамы

16 Қараша 2021, 12:38
3756
Бөлісу:
Болат Ұзақов. Әртістердің әлеуметтік жағдайы. Театр тілі мен көрермен талғамы
Сұхбат VIDEO
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Белгілі театр режиссері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, актер Болат Ұзақов елдегі театр саласындағы мәселелер мен әртістердің әлеуметтік жағдайы, қазіргі кездегі сахна мен кинодағы тіл мәселесіне қатысты ойларын айтты.

Жастардың театрға деген талғамы, ішкі мәдениеті, рухани сұранысы төмендеп кеткен сияқты. Оны неден көруге болады? Көшеде жүрсек те, қоғамдық орындарда болсақ та, театрларда, кинотетрларда жастарды байқасақ, боғауыз сөзден ауыздары арылмайды. Оның ішінде қызы да, ұлы да бар. Сондай-ақ оларда «біз боқауыз сөз айтып жатырмыз-ау, мәдениетсіздігімізді көрсетіп жатырмыз-ау, дүниетанымымыздың таяздығын көрсетіп жатырмыз-ау» деген ой болмайды – дейді Болат Ұзақов.

Сонымен қатар ол, қазіргі кино саласындағы кемшіліктерді де айтты.

Қазіргі кезде қандай фильм түсіруді қолға алса да сценарийін орыс тілінде жазады. Одан қалса, батысқа еліктеп, солардың менталитетімен жазады. Кейде тіпті, күлкің келеді. Өмірі ауылда тұрмаған адам, ауыл адамдарының өмірі туралы сценарий жазады. Ол жерде ауыл адамдарының бір-біріне деген қатынасы, сөз саптауы секілді мәселе бар емес пе?! Барлығы да қазақи болу керек қой – деп қынжылады режиссер.

Болат Ұзақовтың өзге де ой толғамдарын төмендегі видеодан толық тыңдауларыңызға болады.

Өзгелердің жаңалығы