Болат Ақшолақов Қызылорда облысының тұрғындарымен кездесу өткізді

28 Мамыр 2022, 18:30
1377
Бөлісу:
Болат Ақшолақов Қызылорда облысының тұрғындарымен кездесу өткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылғы 28 мамырда Қызылорда облысының тұрғындарымен кездесу барысында Болат Ақшолақов  Энергетика министрлігі қызметінің бағыттары және өңірдегі мұнай-газ саласының негізгі көрсеткіштері туралы айтып берді.

Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Министрдің айтуынша, Қызылорда облысында 2021 жылы мұнай өндіру көлемі 4,3 млн. тоннаны құрады. 2022 жылдың 4 айында 1,4 млн.тонна мұнай өндірілді. Қызылорда облысында 2021 жылы газ өндіру көлемі 700 млн. м3 немесе 2020 жылға 92% - ды құрады. 2022 жылдың 4 айында 200 млн. м3 немесе 2021 жылдың сәйкес кезеңіне 74% өндірілді.

Қызылорда облысы мұнай өндіру көлемі бойынша 5-ші мұнай өндіруші өңір болып табылады, оның үлесіне ел бойынша мұнай өндірудің жалпы көлемінің 6,14% - ы тиесілі.

Өңірдің газ тұтыну көлемі 707 млн. м3 құрады. Жетіспейтін газ көлемі батыс өңірі кен орындарының газ ресурстарынан «Бейнеу-Шымкент» магистральды газ құбыры бойынша жеткізіледі.

Болат Ақшолақов Қызылорда облысының тұрғындарымен кездесу өткізді

Болат Ақшолақов өз сөзінде Энергетика министрлігі газдың шекті көтерме бағасын, ал соңғы бағасын Ұлттық экономика министрлігі бекітетінін атап өтті. Өзіндік құн мен бекітілген көтерме баға арасындағы айырманы газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператор субсидиялайды.

Қызылорда облысын газдандыру деңгейі 66,5% - ды құрайды немесе шамамен 550,8 мың адам табиғи газға қол жеткізді. 2021 жылдың қорытындысы бойынша 3 газдандыру жобасы аяқталды, бұл Қазалы қаласын, Жалағаш, Бекежанов елді мекендерін немесе шамамен 24 мың адамды газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. 2022 жылы Бірлік және Қыраш елді мекендерін газдандыруды аяқтау жоспарланып отыр.

Өңірде 19 газ желісі ұйымы және 151 автомобильге газ құю станциясы бар. Облыста сұйытылған мұнай газын тұтыну 2021 жылы 90 мың тоннаны құрады. Ағымдағы жылдың қаңтар-сәуір айларында шамамен 25 мың тонна тұтынылды. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің бұйрығына сәйкес өңірде сұйытылған мұнай газының шекті бөлшек сауда бағасы литріне 60 теңгені құрайды.

Сондай-ақ, Болат Ақшолақов көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін Қызылорда облысының шаруаларына 11,7 мың тонна отын бөлінгенін айтты. Жөнелту кесте бойынша жүзеге асырылып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы