Қазақстанның соңғы жаңалықтары

"Болашақтың ойындары" турнирін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі дирекция құрылды

15 Қаңтар 2025, 13:21
641
Бөлісу:

"Болашақтың ойындарын" дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің тапсырмасына сәйкес, "Қазспортинвест" акционерлік қоғамы базасында мамандандырылған дирекция құрылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Дирекцияның міндеті – 2026 жылы Астанада өтетін "Болашақтың ойындары" халықаралық мультиспорттық турнирін ұйымдастыру және өткізу.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылатын іс-шара ел спортындағы маңызды оқиға болмақ.

Айта кетейік, 2024 жылғы 13 қазанда Дубайда (БАӘ) өткен ресми рәсімде Қазақстан 2026 жылы дәстүрлі спорт түрлері мен киберспортты біріктіретін бірегей турнир – Phygital Games of the Future жарысын өткізу құқығына ие болған еді. 2026 жылғы жарысты ұйымдастыруға Қазақстаннан бөлек, Перу және Чили мемлекеттері де үміткер болған.

Өзгелердің жаңалығы