Болашақта әр маман ЖИ туралы базалық білім алуы керек – Тоқаев

12 Қазан 2023, 11:22
974
Бөлісу:
Болашақта әр маман ЖИ туралы базалық білім алуы керек – Тоқаев
Фото: Арман Мухатов - архив

Университеттерде пәндерді оқытудың мазмұны мен әдісін айтарлықтай жаңарту қажет. Мемлекет басшысы Digital Bridge форумында осылай деді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Президент болашақ мұғалімдер, дәрігерлер, агрономдар, заңгерлер және салалық мамандар жасанды интеллект бойынша базалық білімді міндетті түрде меңгеруі керек екенін атап өтті.

Мен жуырдағы Жолдауымда кемінде үш белгілі жоғары оқу орны жасанды интеллект бағытына қажетті кадр даярлаумен және зерттеулер жүргізумен айналысуы керек деген міндет жүктедім. Назарбаев Университеті жанындағы Ақылды жүйелер және жасанды интеллект институтын толыққанды ғылыми-зерттеу институтына айналдыру тағы бір маңызды қадам болмақ, - деді ел басшысы.

Президенттің айтуынша, онда үздік мамандар мен сарапшылардың орталығына айналып, біртұтас экожүйе қалыптастыруы керек.

Институт құрамына IT индустриясының әлемдік және отандық көшбасшыларымен тығыз байланыста жұмыс істейтін ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар орталығы кіреді. Осы ретте Институт әзірлемелерін коммерцияландыру және кеңейту маңызды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Өзгелердің жаңалығы