«Болашақ» түлектері кез келген салада реформа енгізіп жатыр

22 Мамыр 2021, 14:38
2895
Бөлісу:
«Болашақ» түлектері кез келген салада реформа енгізіп жатыр
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Айнұр Кәрібозова «Желмая» жобасында осы уақытқа дейін қанша жаса «Болашақ» бағдарламасымен шетелден оқып келгенін және олар барлық салада реформа жасап жатқанын айтты.

«Болашақ» бағдарламасы ҚР Тұңғыш президенті Н. Назарбаевтың бастамасымен құрылған. Оның алғашқы стипендияттары 1994 жылдан басап шетелден білім ала бастады.

А. Кәрібозованың айтуынша, «Болашақ» бағдарламасы бойынша алғашқы кездері тағайындалған стипендия саны жылына 250 деп көрсетілген, бірақ іс жүзінде іріктелген шәкірттердің асаны 70-80-нен аспапты. Сондықтан бірінші онжылдықта оқып келген түлектердің саны 785 қана.

Ал, 2005 жылдан бастап стипендияттар санын жылына 3 мыңға дейін көтеру шешімі қабылданды. Содан бастап стипендияның қолжетімділігі кеңейді. 2005 жылдан қазіргі сәтке дейін осы бағдарламамен оқып келгендер саны 11 мыңнан асады,-дейді ол.

Сонымен қатар ол қазір еліміздегі қай саланы алсақ та ондағы оң өзгерістердің басы-қасында «Болашақ» түлектері тұрғанын айтты.

Мәселен, білім беру саласында қазір Білім және ғылым министрлігі сапалық реформалар тұрғысынан ЖОО-ға ашықтық, сапалық жағынан талаптарды күшейтуде. Қай жерді алмасақ та реформаны жүргізіп жатқан «Болашақ» түлектері. Оған қоса қазір ЖОО-дың басшыларын сайлап, көпшілік дауыспен тағайындауда. Ол жерде таңдау тұрғысынан «Болашақ» түлектеріне қолдау көрсетілуде. Атырау, Алматы қалаларындағы ЖОО-ға ректор болып тағайындалғандардың көбі «Болашақ» түлектері. Яғни, шетелде оқып келген түлектер елдің білім саласына реформаны біртіндеп жасап жатыр,-дейді Айнұр Кәрібозова.
Өзгелердің жаңалығы