Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы Азия чемпионатына қатысады

11 қараша мен 12 желтоқсан аралығында Иорданияның Амман қаласында бокстан Азия біріншілігі өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Ұлттық Олимпиада комитеті 15 Қыркүйек 2024 2024, 02:25
15 Қыркүйек 2024 2024, 02:25
1376
Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

11 қараша мен 12 желтоқсан аралығында Иорданияның Амман қаласында бокстан Азия біріншілігі өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР ҰОК мәліметі бойынша, аталған турнирге Қазақстан құрамасы да қатысады.

Бас бапкер Қайрат Сәтжановтың айтуынша, әзірге құрлық додасында бақ сынайтын боксшылар есімі белгісіз.

Азия чемпионатына дейін жігіттерді қарастырамыз. Жақында Қарақозы Әбдәлиевті еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді. Сол бәсекеде кейбір салмақтардағы спортшыларды анықтаймыз. Одан бөлек, оқу-жаттығу жиындарын өткіземіз, - деді бас бапкер.

Айта кетелік, Париж Олимпиадасынан соң бокстан Қазақстан командасында өзгерістер болып, бас бапкер қызметіне Қайрат Сәтжанов кірісті.

Наверх