Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бокстан 2019 жылғы әлем чемпионаты 8-22 қыркүйек аралығында Ресейдің Екатеринбург қаласында өтеді. Қазақстан құрамасы осы күндері елордадағы «Тарлан-Арена» кешенінде дайындық жүргізіп жатыр.
Оқи отырыңыз:

Оның айтуынша, 8 қыркүйекте әлем чемпионатының жеребесі тартылады, кім-кіммен жұдырықтасатыны сол жерде анықталады.

«Әрине, бәсекелестік өте жоғары. Негізгі қарсыластар – Ресей, Куба, Өзбекстан боксшылар. Сондай-ақ АҚШ, Үндістан, Корея құрамалары да мықтылар қатарында. Еуропа құрамаларынан ағылшындарды ерекше атап өтуге болады. Одан бөлек, Франция мен Әзірбайжан боксшылары да қара жаяу емес. Біздің спортшылар дайын. Кез келгені жоғары нәтиже көрсетуге әзір. Егер жеребе сәтті болып, жарақаттан сырт айналып өтсек, ел намысын абыроймен қорғаймыз деп ойлаймын», – дейді бас бапкер.

Ал осыдан 2 жыл бұрын Гамбургте өткен чемпионатында жеңіске жеткен 56 келідегі Қайрат Ералиев сол жетістігін қайталауға ниетті.
«Әлем чемпионатына жақсы дайындалдық. Жыл басынан бері бірнеше оқу-жаттығу жиындары кезең-кезеңімен өтті. Биылғы әлем чемпионаты біз үшін өте сәтті болады деп үміттенемін. Жігіттердің бәрі де әлем чемпионатына тыңғылықты дайындық жүргізді. Қарсыластарымыз да осал емес. Негізінен Ресей, Куба, Үндістан, Англия, Украина құрамаларының боксшылары. Жанкүйерлер бізден жақсы нәтиже күтіп отыр. Сол сенімді ақтауға тырысамыз. Әлем чемпионы болып бару және сол атақты қорғау өте ауыр. Дайындығымыз жақсы, адамның бәрі үмітшіл келеді. Бізде жақсылықтан үміттіміз. Осыдан 2 жыл бұрынғы жетістігімді қайталасам деп ойлаймын», – дейді Қайрат Ералиев.

Құрама боксшылары:
52 келі: Сәкен Бибосынов
57 келі: Қайрат Ерәлиев
63 келі: Зәкір Сафиуллин
69 келі: Абылайхан Жүсіпов
75 келі: Тұрсынбай Құлахмет
81 келі: Бекзат Нұрдәулетов
91 келі: Василий Левит
+91 келі: Қамшыбек Қоңқабаев.