Бокстан ел чемпионаты қашан басталатыны белгілі болды

23 Қараша 2021, 20:49
722
Бөлісу:
Бокстан ел чемпионаты қашан басталатыны белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бокстан ерлер және әйелдер арасындағы Қазақстан Чемпионатының өткізілетін уақыты белгілі болды.

Бұл туралы ҚБФ баспасөз қызметі хабарлады.

Басты мақсат – еліміздің барлық өңірінен келген мықты спортшыларды анықтау және ұлттық құраманы жасақтау, бапкерлер мен төрешілер жұмысын бағалау сонымен қатар алдағы жарыстарға дайындық.

Әйелдер арасындағы Қазақстан Чемпионаты тұңғыш рет 12 салмақ дәрежесінде, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Шучинск қаласында «Жақсы» спорттық базасында 7-12 желтоқсан аралығында өтеді.

Еліміздің батыс өңірінде өтетін, ерлер арасындағы ел біріншілігі 13 салмақ дәрежесінде, Орал қаласы, Астана шағын ауданы 17, «Теннис орталығында» 14-24 желтоқсан аралығына жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы