Бокстан әлем кубогы: Надежда Рябец күміс жүлде алды

Қазақстандық боксшы Надежда Рябец Астанада өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінің финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Бокс федерациясы 6 Шілде 2025 2025, 22:16
6 Шілде 2025 2025, 22:16
702
Фото: Бокс федерациясы

Қазақстандық боксшы Надежда Рябец Астанада өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінің финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Отандасымыз 75 келіге дейінгі салмақтың ақтық сынында норвегиялық Суннива Хофстадпен қолғап түйістірді.

Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің шешімімен жеңіс Норвегия боксшысына бұйырды.

Осылайша, Надежда Рябец (75 келіге дейін) күміс жүлдегер атанды.

Айта кетейік, бұған дейін Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін) және Нұрбек Оралбай (80 келіге дейін) екінші нәтиже көрсеткен болатын.

Наверх