Бокстан әлем чемпионаты Ташкентте өтеді

3 Сәуір 2021, 00:29
1960
Бөлісу:
Бокстан әлем чемпионаты Ташкентте өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бокстан 2023 жылғы әлем чемпионаты Өзбекстан астанасы Ташкентте өтеді, деп хабарлайды prosports.kz сайты. 

Халықаралық бокс қауымдастығының президенті Умар Кремлёв Өзбекстанға сапарында әлем біріншілігін қабылдайтын елді атады. 

Мықты боксшылар мен чемпиондар шоғырланған Өзбекстанды 2023 жылғы әлем чемпионатын өткізетін ел ретінде таныстыратыныма қуаныштымын. Жоғары дәрежеде ұйымдастырылып, жанкүйерлер ықыласына бөленген және тартысты жекпе-жектер өтеді деп сенемін, – деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, соңғы әлем чемпионаты 2019 жылы Ресейдің Екатеринбург қаласында өткен еді.
Өзгелердің жаңалығы