Қазақстанның даңқты боксшылары Мәскеуде дайындалып жүр

Бүгiн, 16:12
177
Бөлісу:
Қазақстанның даңқты боксшылары Мәскеуде дайындалып жүр
Фото: Бокс федерациясы

Қыздар боксынан Сербияда өтетін әлем чемпионатына қатысатын ұлттық құрама Мәскеуде оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бірер күннен кейін Сербияның Ниш қаласында әйелдер боксынан жылдың басты бәсекесі әлем чемпионаты басталады. Бәсеке алдындағы оқу-жаттығу жиындары Мәскеуде өтіп жатыр.

Ұлттық құрама Мәскеуде оқу-жаттығу жиынында дайындық жүргізіп жатыр. Бұл жиында еліміздің үздік боксшылары Сербияның Ниш қаласында өтетін аса маңызды әрі жауапты жарысқа дайындығын пысықтауда. Барлық спортшылардың жеңіске деген құлшынысы жоғары. Жанкүйерлердің ерекше назарында екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай болады деп ойлаймын. Париж Олимпиадасынан кейін Назым алдына жаңа мақсат қойды. Ол – Қазақстан тарихында үш дүркін әлем чемпионы атанған алғашқы боксшы болу. Біз бар күшімізді салып, Назым Қызайбай мен басқа да боксшы қыздарымыздың әлем чемпионатында жоғары нәтиже көрсетеді деп сенеміз, -деді жеке бапкері Долкунжан Камеков.

8-16 наурыз күндері Сербияның Ниш қаласында өтетін әлем чемпионатына қатысатын ел құрамасының боксшылары бұған дейін мәлім болған еді. 

Олардың қатарында, Назымнан бөлек, Алуа Балқыбекова, Анита Адишева, Жайна Шекербекова, Карина Ибрагимова, Виктория Графеева, Аида Абикеева, Жасмин Кизатова, Наталья Богданова, Надежда Рябец, Гүлсая Ержан, Елдана Тәліпова сынды бұрымды боксшылар бар. Ұлттық құрама барлық 12 салмақ дәрежесінде сынға түседі.

Өзгелердің жаңалығы