Боксшы Данияр Елеусінов күтпеген мәлімдеме жасады

5 Қаңтар 2024, 13:20
10793
Бөлісу:
Боксшы Данияр Елеусінов күтпеген мәлімдеме жасады
Фото: instagram.com/yeleussinovdaniyar

Бокстан Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов әлеуметтік желіде шұғыл мәлімдеме жасады,деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жақын арада менің рингке оралуыма қатысты жаңалық болады, - деп жазды боксшы. 

Ол бұған дейін ұзақ үзілістен кейін шаршы алаңған қайта оралғанын айта келе, алдағы Париж олимпиадасына қатысуға ниетті екенін алға тартқан болатын.

Данияр Елеусінов Рио олимпиадасынан бөлек, әлем чемпионы және күміс жүлдегері, Азия чемпионатының және Азия ойындарының екі дүркін жеңімпазы. 

2013-2014 жылдары әуесқой бокстан әлемнің үздік боксшысы атанған. Ол Рио Олимпиадасынан кейін араға уақыт салып, кәсіпқой боксқа ауысатынын мәлімдеді.

Өзгелердің жаңалығы