ШҚО-да бокс тұлыбына есірткі жасырып сатқандар ұсталды

12 Наурыз 2020, 22:06
1457
Бөлісу:
ШҚО-да бокс тұлыбына есірткі жасырып сатқандар ұсталды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында полицейлер көліктердің бірінен бокс тұлыбына салынған есірткінің үлкен партиясын тапты, деп хабарлады Polisia.kz. 

Полиция анықтағандай, ұсталғандар Семейде есірткі тасып, сақтап, сатумен айналысқан. Қылмыстық істің фигуранттары қазір құқық қорғау қызметкерлерінің қолында. 

27 жастағы күдіктінің көлігінен тәркіленген бокс тұлыбынан өсімдік тектес жасыл түсті зат табылған. 44 келі салмақ тартқан зат сараптама кезінде "кептірілген марихуана" болып шықты. Сол күні Семей қаласында 28 жастағы тағы бір күдікті ұсталды. Оның да машинасын тінту кезінде 2,7 келіден астам есірткі тәркіленді. 1989, 1991 және 1992 жылдары туған үш жігіт уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тәртіп сақшылары қазір есірткілердің қайдан жеткізіліп жатқанын анықтауға кірісті, - делінген ведомство таратқан ақпаратта.


ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы “Есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау қылмыстық құқық бұзушылық белгілері” бойынша сотқа дейінгі өндіріс басталды.

Өзгелердің жаңалығы