Бокс: Санжар Тәшкенбай "Странджа кубогында" жеңіліп қалды

Кеше, 23:18
141
Бөлісу:
Бокс: Санжар Тәшкенбай "Странджа кубогында" жеңіліп қалды
Фото: Olympic.kz

Қазақстандық Санжар Тәшкенбай Болгарияның София қаласында өтіп жатқан "Странджа кубогында" жеңіліс тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

Спортшы бұл турнирде 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғады.

Ирландиялық Луис Руниге қарсы жекпе-жекте Тәшкенбай бірінші раундта нокдаунға түсті. Осы сәттен кейін ол белгісіз себептермен жекпе-жекті жалғастырудан бас тартып, жарысты аяқтады.

Өзгелердің жаңалығы