Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Бокс: Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының күміс жүлдегерін жеңді

8 Наурыз 2024, 22:50
3149
Бөлісу:
 Спорт және дене шынықтыру істері комитеті
Фото: Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

Бокстан Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде әлем чемпионы Махмұд Сабырхан 57 келідегі екінші айқасында Саравут Суктетті 3:2 есебімен ұтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Спорт және дене шынықтыру істері комитеті мәлімдеді.

Алғашқы раундта қолының ұзындығын пайдаланған Таиланд спортшысы 3:2 есебімен басым түскенімен, қалған уақытта жерлесіміз қорғанысқа көңіл бөліп, жақын қашықтықта айласын асырып кетті. Есеп: 3:2

Қос боксшы былтыр 22 жасқа дейінгі Азия чемпионатының финалында жолығып, Махмұд Сабырхан жеңіске жеткен еді.

Өзгелердің жаңалығы