Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Boeing жаңа ұшағының таныстырылымын кейінге қалдырды

11 Наурыз 2019, 15:47
3147
Бөлісу:

Алматы, BAQ.KZ. Америкалық Boeing корпорациясы 13 наурызға белгіленген Boeing 777x жаңа ұшағының таныстырылымын кейінге шегерді. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады. 

Ethiopian Airlines әуекомпаниясының 157 жолаушысы мен экипажы бар Boeing 737 Max 8 ұшағы 10 наурыз күні Дэбрэ-Зэйт қаласы маңында апатқа ұшыраған болатын. Жолаушылар ұшағы Эфиопия астанасы Аддис-Абебтен Кения астанасы Найробиге бара жатқан. Барлық жолаушысы мерт болған апаттың неден шыққаны әзірге белгісіз.

Бұл осы тектес ұшақтың екінші рет апатқа ұшырауы. 2018 жылдың қазан айында Boeing 737 Max 8 Индонезияда құлаған болатын. Ол кезде бортта болған 189 адам қаза тапқан еді.

Естеріңізге сала кетейік, ұшақ апатына қатысты Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Эфиопия еліне көңіл айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы