Боччадан ел чемпионаты аяқталды

31 Мамыр 2024, 15:51
261
Бөлісу:
Боччадан ел чемпионаты аяқталды
Фото: автордан

Елордада өткен параолимпиадалық спорт түрі боччадан ҚР чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Былтыр жарысқа 10 аймақтан 50 спортшы қатысса, биыл 12 аймақтан 89 спортшы келген. Жарыстың жабылу салтанатына Парламент Сенатының төрағасы, Қазақстан бочча федерациясының прези­денті Мәулен Әшімбаев қатысып, жеңімпаздарды құттықтады.

Биылғы чемпионат жоғары деңгейде өтті. Төрешілеріміз әділ болды. Волонтерлар спортшыларымызға қажет кезде көмек бере алды. Жарысқа атсалысқан ата-аналарға, спортшыларға, ұйымдастырушыларға және демеушілерге алғыс білдіремін. Халықаралық талаптарға сай өтті деп айта аламыз. Жарыстың нәтижесінжде боччаға қызығышушылықтың артып жатқанын көріп жатырмыз. Сайыс болған соң жүзден жүйрік мыңнан тұлпар шығады. Бұл сіздердің еңбектеріңіз бен жеңістеріңіз. Жеңілген спортшыларға айтарым, қаймықпаңыздар. Әлі алда сіздер алатын асу көп. Бастысы дос таптыңыздар. . Бочча тек параолимпиада ойыны емес ол қозғалыс. Біз сіздердің жеткен жетістіктеріңізбен мақтанамыз. Бұл жарыста жеңілгендер жоқ. Барлығымыз жеңіске бірге жеттік. Баршаңызға сәттілік, жаңа белес тілеймін,-деді Мәулен Әшімбаев.

Ел чемпионатының нәтижесі бойынша ұлттық құрама жасақталады. Сондай-ақ, 4-22 қараша аралығында Бахрейн астанасы Манама қаласында өтетін боччадан әлем чемпионатына қатысады.

Өзгелердің жаңалығы