Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Bloomberg журналы америкалық модель Кайли Дженнерді ең жас миллиардер деп атады.
Bloomberg рейтингі бойынша америкалық модель және Кардашьян әулеті реалити-шоуының қатысушысы 22 жастағы Кайли Дженнер әлемдегі ең жас миллиардер болды.
Жас қыз Kylie Cosmetics косметикалық компаниясының негізін қалады және компанияның 51% акциясын 600 миллион долларға сатты, - делінген хабарламада.
Басылымның жазуынша, 2019 жылы әлемнің бай адамдары 1,2 триллион долларға байып, 2018 жылдың соңындағы байлығымен салыстырғанда 25% көтерілген.
Сондай-ақ, әлемдегі ең бай 500 адамның 52-сінің табысы азайған.