Bloomberg: Украина АҚШ-тан жер қойнауы туралы келісімді өзгертуді сұрайды

30 Наурыз 2025, 06:42
944
Бөлісу:
Bloomberg: Украина АҚШ-тан жер қойнауы туралы келісімді өзгертуді сұрайды
Фото: pravda.com

Киев АҚШ-тың жер қойнауы туралы даулы келісімді өзгертуге дайын екендігін көрді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Bloomberg таратқан мәліметке сәйкес, атап айтқанда, Киев қосымша инвестиция сұрауға ниетті.

Украиналық тарап АҚШ-тан қазіргі нұсқа Киев үшін тиімсіз әрі оның Еуроодаққа кіруіне зиянын тигізетін болғандықтан, пайдалы қазбалар туралы ұсыныс білдірілген келісімді өзгерту туралы өтініш айтады.

Яғни Украина АҚШ-тан Трамптың әкімшілігі ұсынған жаңа экономикалық келісімге өзгерту енгізуге, соның ішінде америкалық инвестицияны ұлғайтуға келісім беруді сұрайды.

Белгілі болғандай, украиналық шенеуніктер америкалық әріптестерімен бейнеқоңырау арқылы сөйлесіп, соңғы келісім жобасына қатысты түсініктеме алу үшін заңгерлермен де кеңескен.

Bloomberg америкалық тарап Украинаның ЕО-ға мүшелікке қатысты мақсаттарымен келісімнің әлеуетті шиеленіс мүмкіндігін жоққа шығармады деп жазды.

Бұл Вашингтон өзгерістерді талқылауға ашық екендігін білдіреді, - деді Bloomberg.

Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский Киев АҚШ-пен жер қойнауы туралы келісімге қол қою аясында соңғы жылдары америкалық тарап ұсынған көмекті қарыз ретінде мойындауға дайын еместігін айтқан еді.

Өзгелердің жаңалығы