Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Пандемиядан кейін экономикасын ретке келтіріп, дағдарыстан өзгелерден бұрын шығатын елдер қатарында АҚШ пен Қытай бар. Жағымды динамика 2021 жылдан басталуы мүмкін, деп жазады Bloomberg.
Сарапшылардың болжамы аталған елдердегі вакцинация қарқынына, сондай-ақ Америка мен Қытай үкіметі ұстанатын қатаң ақша-несие саясатына негізделген.
Сарапшылардың пікірінше, әлемдік экономика 2021 жылы қалпына келе бастайды және серпін оң болады. Жаһандық экономиканың өсуі 50 жылдан астам уақыт ішінде рекордтық 6,9%-ды құрайды. Көшбасшы ел, ең алдымен, АҚШ болады, Қытай да жақсы нәтиже көрсетеді.
Бірақ Франция, Германия, Ұлыбритания, Италия, Жапонияда экономикалық құлдырау байқалады.