Блогерлердің жұмысы журналистермен теңестіріле ме? – Балаева жауап берді

30 Қараша 2023, 17:52
643
Бөлісу:
Блогерлердің жұмысы журналистермен теңестіріле ме? – Балаева жауап берді
Фото: ОКҚ

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ОКҚ алаңында өткен брифингте блогерлер мен журналистердің қызметіне қатысты қойылған сұраққа жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Блогерлердің жұмысы журналистермен теңестіріле ме? – деп сұрады БАҚ өкілдері министрден.

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева сұраққа жауап беріп, теңестірілмейтінін жеткізді.

Жоқ, теңестірілмейді. Ол үшін арнайы заң бар. Блогерлердің жедел ақпарат тарату құралының бәрі интернет-платформалар туралы заңмен реттеледі. Ал біздің (масс-медиа туралы заң – ред.) заңға оның қатысы жоқ, - деп жауап берді Ақпарат министрі ОКҚ-да.

Қазақстанда онлайн-платформалардың жұмыс істеуі, онлайн-жарнама жасау, орналастыру, тарату және сақтау, құқыққа қайшы контентті болғызбау және оның жолын кесудің құқықтық негіздерін айқындау мақсатында «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» заң жұмыс істейтінін еске сала кетейік.

Өзгелердің жаңалығы