2023 жылы экологтар Каспий теңізінің рекордтық деңгейге тартылатынын айтты. Бұл туралы Блогер Азамат Сәрсенбаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның айтуына қарағанда, 2023 жылы экологтар Каспий теңізінің рекордтық тартылуы - 29,35 м жетуі мүмкін. Бұрын мұндай рекордтық көрсеткіш 1977 жылы тіркелген. Ол кезде - 29,1 м жеткен.
Сондай-ақ ол Қаламқас кен орны ауданындағы су жағалаудан бірнеше шақырымға алыстап кеткенін айтты.
1979 жылы Қаламқас кен орны ауданында 33 шақырымдық қорғаныс бөгетінің құрылысы басталды. Оның құрылысы барысында теңіз сулары, аяқталмаған бөгетке екі рет соғылып, оны шайып, кейін бүкіл мұнай өнеркәсібін су басты. Бір қызығы, қазіргі уақытта 33 шақырымдық су бөгеті бір кездері балықтар мен итбалықтар мекендеген су естелік ретінде қалып отыр. Қазір су бұл жерден кем дегенде 4 шақырымға алыстап кеткен,- деді Сәрсенбаев.