Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Желтоқсан айының басында Павлодардағы орта мектеп оқушылары "Мен қазақпын" челленджінің бастамашысы болды. Олар "Мен қазақпын" әнін шырқады.
Өз кезегінде Батыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматтар бұл бастаманы қолдап, өздерінің челленджін ұйымдастырды.Олар эстафетаны әрі қарай осы өңірде орналасқан орташа қауіпсіз колонияның сотталғандарына жолдады. Рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбиеге баулу мақсатында бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан азаматтармен мұндай шаралар тұрақты негізде өткізіліп отырады, - делінген ақпаратта.