БҚО-да коронавирусты екінші мәрте жұқтырған адам тіркелді

4 Қараша 2020, 13:50
1508
Бөлісу:
БҚО-да коронавирусты екінші мәрте жұқтырған адам тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы БҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Әбдірахманова Өңірлік коммуникациялар қызметінде айтты. 

Науқастардың ішінде бір адам тіркелді. Ол кісі пандемияның басында ауырған, кейін жаз айында тағы қайта ауырған, - деді ол. 

Әбдірахманова бүгінгі таңда науқастар саны артып отырғанын айтты. 

4 қарашадағы жағдай бойынша 7064 науқас тіркелді. Оның ішінде 3504 науқас симптомаралық. Қазан айының басында инфекциялық стационарларда 30 науқас болса, қазір олардың саны артып отыр. Ем алып жатқан науқастар саны 96-100-ге жетіп отыр, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы