Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы БҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Әбдірахманова Өңірлік коммуникациялар қызметінде айтты.
Науқастардың ішінде бір адам тіркелді. Ол кісі пандемияның басында ауырған, кейін жаз айында тағы қайта ауырған, - деді ол.
Әбдірахманова бүгінгі таңда науқастар саны артып отырғанын айтты.
4 қарашадағы жағдай бойынша 7064 науқас тіркелді. Оның ішінде 3504 науқас симптомаралық. Қазан айының басында инфекциялық стационарларда 30 науқас болса, қазір олардың саны артып отыр. Ем алып жатқан науқастар саны 96-100-ге жетіп отыр, - деді ол.