БҚО-да екі автокөлік мұздың астына түсіп кетті

26 Наурыз 2021, 04:28
2394
Бөлісу:
БҚО-да екі автокөлік мұздың астына түсіп кетті
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. БҚО ТЖ департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Ақжайық ауданы Қабыршақты ауылы маңында болған. Бүгін Көшім каналына Mitsubishi Pajero көлігі мұздың астына түсіп кеткені жөнінде хабар жеткен.

Көлік түнде мұз астына түсіп кеткен екен. Балықшылар шығып үлгерген. Құтқарушылар бірінші көлікті мұз астынан шығарып жатқан уақытта сағат 13.48-де және бір көліктің мұз астына түсіп кеткені жөнінде хабар келген.

Құтқарушылар автокөліктен екі адамды алып шықты. Олар да балықшылар болып шыққан.

Екі оқиғадан да зардап шеккендер жоқ.

Өзгелердің жаңалығы