БҚО-да әйел екі баласымен бірге Жайық өзеніне батып кетті

5 Шілде 2021, 11:50
2648
Бөлісу:
БҚО-да әйел екі баласымен бірге Жайық өзеніне батып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әйел екі баласымен бірге Батыс Қазақстан облысында Жайық өзеніне батып кетті, деп хабарлайды «Мой город».

Сағат 20.40-та Бөрлі ауданының Жарсуат кентінде жергілікті тұрғындар судан үш адамның 36 жастағы әйелдің және бес пен жеті жасар балалардың денесін алып шыққандығы туралы хабарлама келіп түсті. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Қаза болғандар Ресей Федерациясының тумалары, - деп хабарлады БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Куәгерлердің айтуынша, үш баласы бар әйел Анападан күйеуінің ата-анасына қонаққа келген.

Олар жағалауды нығайту жұмыстары жүргізіліп жатқан жерге батып кеткен. Ол жерден қиыршық тас алынып жатыр, тереңдігі алты метр. Суға батып кеткен екі бала мен олардың анасы табылды. Жағалауда балалар самокаты болды. Олар қалай батып кеткенін ешкім көрген жоқ. Мүмкін балаларының суға батып бара жатқанын көрген ана құтқаруға тырысқан болар, үйткені анасы киімшең болған, - деді Жарсуат ауылының тұрғыны.

  Қаза болған әйелдің артында екі жасар баласы қалды.
 

Өзгелердің жаңалығы