Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысының бас санитар дәрігері жаңа қаулыға қойды, деп хабарлайды облыстық ДС басқармасының баспасөз қызметі.
Жаңа қаулыда келесідей өзгерістер қарастырылған:
- Әкімдік қызметкерлері мен шұғыл қызмет өкілдерін, әскери комиссариат қызметкерлерінің ілесіп жүруімен шақырылушыларды, сондай-ақ стратегиялық объектілер мен тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің өндірістік процесін қамтамасыз ететін қызметкерлерді қоспағанда, өңірдің елді мекендерінің аумағы бойынша халықтың жүріп-тұруы сағат 00:00-ден 06:00-ге дейін шектелсін.
- Егер түн ортасынан таңғы 6-ға дейін медициналық мекемеге шұғыл бару, дәрі-дәрмек сатып алу, сондай-ақ түнгі ауысымда жұмыс істейтіндер үшін stopcovid.kz сайтта тіркелуіңіз керек немесе "109" телефоны бойынша өтінім қалдыруы керек.
- Ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, жаппай жаңа жылдық іс-шараларды (оның ішінде ертеңгіліктер, корпоративтер ұйымдастыру), сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т.б.), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салынсын.
- Барлық ойын-сауық объектілерінің, кинотеатрлардың, фудкорттардың, банкет залдарының, барлық түрдегі ойын алаңдарының (аулаларды қоспағанда), түнгі клубтардың, барлардың, караоке, компьютерлік және ойын клубтарының, кальян, букмекерлік кеңселердің, кейтерингтік қызметтер көрсетудің және мерекелерді ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсетудің, меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі балалар мекемелерінің (кезекші топтарды қоспағанда) қызметі тоқтатыла тұрсын.
Сонымен қатар, уақыты пен жұмыс режиміне шектеулер қойылады:
- коронавирустық инфекцияның профилактикасына бағытталған және халықтың тіршілігін қамтамасыз ететін эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған қызметтерді қоспағанда, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдары қызметкерлерінің, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік қызметкерлерінің кемінде 50%-ын "қашықтан" жұмыс нысанына ауыстыруды ұсынамыз; "қашықтан" жұмыс нысанына бірінші кезекте 50 және одан жоғары жастағы қызметкерлерді селекторлық режимде және офлайн режимде өткізбей, бейнеконференцбайланыс арқылы жиналыстар, кеңестер, семинарлар, конференциялар өткізе отырып ауыстыру керек.
- жұмыс күндері (дүйсенбі - жұма) сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, сенбі күндері сағат 09:00-ден 14:00-ге дейін ХҚКО (мамандандырылған ХҚКО) жұмыс кестесін белгілей отырып, халыққа қызмет көрсету орталықтарының (бұдан әрі-ХҚКО) жұмысын ұйымдастыру. Карантиндік шараларды сақтау үшін ХҚО-ға және мамандандырылған ХҚО-ға Egov.kz, телеграмм-бот, EgovKZBot 2.0-де кезекті алдын ала брондау арқылы бару ұсынылады.
- контингенті 5-тен 180 адамға дейінгі, сыныптардағы балалар саны 15 адамға дейінгі мектептердің; ата-аналардың өтініші бойынша 15 баладан аспайтын сыныптардың жинақталуын сақтай отырып, мектепалды, 1-4 сыныптардың білім алушылары үшін білім беру ұйымдарындағы кезекші сыныптардың жұмыс істеуіне рұқсат беру;
- мектепке дейінгі ұйымдардың кезекші топтары (15 баладан аспайтын), ұйықтайтын бөлмелердегі кереуеттер арасындағы кемінде 1 метр қашықтықты сақтай отырып жұмыс істей алады;
- моншалардың, сауналардың (1 келушіге 4 шаршы метрден кем емес есеппен, объектінің толтырылуы 50%-дан артық емес) жұмыс істеуіне рұқсат беру;
- діни объектілер (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және басқалар) бір келушіге кемінде 5 метр квадрат және толтырылуы 30%-дан асырмай қамтамасыз ете отырып жұмыс істеуге рұқсат етілсін. Бұқаралық іс-шараларды (жұма намазы, діни жоралар және т. б.) өткізуге тыйым салынған;
-күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, азық-түлік және азық-түлік емес базарлар (толымдылығы 30%-дан аспайды) жұмыс істейді;
- сауда үйлері мен орталықтары (павильондар, бутиктер), азық-түлік емес дүкендер (1 келушіге 4 шаршы метрден кем емес есеппен объект сыйымдылығы 30%-дан артық толтырылмауы керек) жұмыс істейді.
- қоғамдық тамақтану объектілеріне (жұмыс кестесі сағат 10.00-ден 23.00-ге дейін, ұжымдық іс-шаралар өткізбей, 50-ден аспайтын отыратын орын орната отырып, үстелдер арасындағы қашықтық кемінде 2 метр сақталуын қамтамасыз ете отырып, бір үстелге отырғызу 4 адамнан аспауы тиіс) жұмыс істеуіне рұқсат беру;
- сұлулық салондары, шаштараздар, косметологиялық қызмет көрсететін объектілер, Ѕра-орталықтар (салондар), алдын ала жазылу бойынша (объектінің 1 келушіге кемінде 4 шаршы метр есебінен толтырылуы) жұмыс істейді;
- фитнес орталықтар, бассейндер, спорттық-сауықтыру объектілері, спорт және тренажер залдары - алдын ала жазылу бойынша (1 келушіге 5 шаршы метрден кем емес есеппен, объект сыйымдылығының 50%-нан артық толтырылмауы)жұмыс істеуіне рұқсат беру;