Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елде енгізілген төтенше жағдай мен карантин кезінде "Бизнестің жол картасы" бағдарламасы аясында кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған шара ретінде несие пайыздарды төмендеп, субсидия мен несиелендіру сомасы артты. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ төрағасының орынбасары Рустам Қарағойшин айтты.
Ең алдымен, салалар бойынша шектеулер алынып тасталды. Оған тек сауда мен қызмет көрсетуге тыйым салынған сала кірмеді. Несие пайыздары төмендетіліп, 6 пайызды құрады. Сондай-ақ, субсидиялық несиелендіру 2,5 миллиард теңгеден 7 миллиард теңгеге дейін артты. Мұндағы несие мерзімі 45 жыл. Кепілдендіру инструменттері бойынша да өзгерістер енгізіліп, жаңадан бастаған кәсіпкерлердің 360 миллион теңгеге дейін несиелері кепілдендіріледі. Оның ішінде кепілдік мөлшері несие сомасының 85 пайызын құрап отыр. Ал бизнесі бар кәсіпкерлер үшін 1 миллиард теңгеге дейін несиесінің 50 пайызы кепілдендіріледі. Осы шаралардың барлығы елімізде бизнестің кеңеюіне және дамуына бағыттылған. Холдинг әрқашан кәсіпкерлер тарапынын түскен ұсыныстарға құлақ түреді, мұнымен тоқтап қалмай, бағдарламаны жетілдіруге дайынбыз, - деп атап өтті холдинг төрағасының орынбасары.Осыған дейін Рустам Қарағойшин карантин кезінде "Даму" қоры карантин кезінде шарттарын жеңілдеткенін айтқан болатын.