Құқық қорғау органдары Павлодарда кісі өлтірген күдіктіні Ресей Федерациясында анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Павлодар облысы прокуратурасының үйлестіруімен Ресей Федерациянің Красноярск өлкесінің Шарыпово қаласында Қазақстанның азаматы, бизнес серіктесін өлтіргені үшін күдікті ретінде жедел іздестіру шаралары барысында ұсталды.
Еске сала кетейік, бұл оқиға биылғы жылдың ақпан айында полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Павлодар қаласындағы үйлердің бірінің ауласында кәсіпкердің мәйітін тапқан кезде орын алды, - делінген Бас прокуратура хабарламасында.
Кісі өлтіру фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша алдын ала тергеу басталды.
Қазіргі уақытта прокуратура күдіктіні Қазақстан Республикасына экстрадициялау үшін шаралар қабылдауда.
Бұл қылмыс үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.