Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы танымал журналист, блогер Динара Сәтжан AMANAT партиясының «Бір Толқында» пікірталас алаңында өткен жастарға Конституцияға өзгерістер енгізу туралы референдум өткізудің маңызын түсіндіру барысында айтты.
Президенттің жақын туыстарына мемлекеттік лауазымдарда отыруына болмайды деген ұстаным - біз үшін жаңашылдық. Себебі біз үшін Президенттің отбасы мүшелері жоғары лауазымда отыруы норма болып келді. Біз осыған үйреніп қалғанымыз сонша, шынымен, норма деп ойладық. Қазір бізге ол дұрыс емес екенін айтып, Президенттің өзі заңға енгізгелі отыр, - деді Сәтжан.
Оның айтуынша, елін ойлаған әрбір қазақстандық референдумға қатысуы керек.
Біз үшін біреу тағдырымызды шешіп береді деп ойламау керек. Қаланың өміріне араласуымыз керек. Біз салық төлеп отырмыз, ол қайда жұмсалып жатқанын да білуіміз керек. Көп жыл бойы бізге қажет емес дүниеге бас сұқпауды үйреніп алдық. Қаңтардан бастап елімізде көп нәрсе өзгерді. Егер референдумға қатыспасақ, біз үшін басқа біреулер шешім қабылдайды. Сондықтан біз жауапкершілікті өзімізге алуымыз керек, - деді Динара Сәтжан.