АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде Израиль премьер-министрі Нетаньяхумен кездесу кезінде өзінің әкімшілігі рекордтық қорғаныс бюджетін дайындағанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Bloomberg-ке сілтеме жасап.
Біз үнемдейміз, алайда армия құруымыз керек, біз күшті болуымыз керек, өйткені айналамызда көптеген теріс күштер бар, - деді Трамп.
Пентагон басшысы Пит Хегсет президент АҚШ әскери күштерін тез қалпына келтіріп жатқанын қосып айтты.
Ведомство басшысы салық төлеушілердің әрбір долларын ақылмен жұмсауға ниетті екенін атап өтті.