Министр: Біздің мақсатымыз – орта және жеке қосалқы шаруашылықтар үшін инфрақұрылым құру

28 Мамыр 2021, 00:44
1425
Бөлісу:
Министр: Біздің мақсатымыз – орта және жеке қосалқы шаруашылықтар үшін инфрақұрылым құру

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Парламент депутаттарымен, бизнес өкілдерімен, қоғам өкілдерімен және бірнеше министрліктен, өңірлік әкімдіктерден және қаржы ұйымдарының өкілдерімен болашақ ұлттық тауар өткізу жүйесін талқылап, сауда-саттық, агросала жағдайы туралы жиын өткізді. Бұл туралы министр әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Біздің тұрақты қарсыласымыз және өте маңызды консультантымыз –  «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары Төлеутай Рахымбеков агроөндіріс пен ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту және жетілдіру бойынша бірқатар қызықты ұсыныстар айтты. Төлеутай Рахымбековті мемлекеттік қызмет ардагері Никанбай Омарханов та қолдады. Ол Ұлттық тауар өткізу жүйесі арқылы ауылшаруашылық кооперациясын құру жөніндегі жұмысты күшейтуге шақырды, ол үшін: «Біз халыққа осы одаққа баратындай механизм жасауымыз қажет». Бұл өзекті мәселе. Біздің агрокластерде өсірілген жемістер мен көкөністердің 90%-ы орта және шағын кәсіпорындардың, оның ішінде жеке қосалқы шаруашылықтардың үлесіне келеді. Шын мәнінде, мұндай фермалардың өнімдері үшін тауар өткізу жүйесі жұмыс істейді. Бір жағынан, бұл барлық өндірушілер үшін заманауи сақтау орындарына тең қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Енді жеміс-көкөніс өнімдерін сақтауға арналған оңтайлы температуралық режимі бар қоймалар мен өнімдерді қайта өңдеу, тазалау, мөлшерлеу, бөлшектеп өлшеу және орау секілді заманауи технологиялық желілер тек ірі өндірушілерде ғана бар. Ал егер шағын фермерлер оларға жалға келсе, ірі өндірушілер монополис ретінде сақтау бағасын көтере салады, - деді ол.

Министр тәжірибе адамы МСС Trade Company Басқарушы директоры Айдар Баймаханның пікірі туралы да ойын жазды.

«Мұндай құрылым нарыққа қажет» деген МСС Trade Company Басқарушы директоры Айдар Баймаханды «экспорттаушы ретінде ол стандарттардың маңыздылығын біледі» деді.

Сонымен бірге, экспорт дегеніміз үлкен көлемдегі тауарлар екенін байқай отырып және біздің нарық негізінен жеке қосалқы шаруашылықтардан тұратынын атап өткен жөн. Оларды экспорттық жүйеге тарту үшін жөнелтілімдерді ұлғайтып қана қоймай, оларды сапалы түрде синхрондау қажет. Баймаханның айтуынша, егер мұндай сатудың болашағы болса, онда фермерлер мен жеке қосалқы шаруашылықтар өнімнің түрі мен оның стандарттары бойынша да талаптарға «сай қылуға тырысады». Айдардың айтуы бойынша, қазіргі кездегі сауда-саттық бойынша консультациялар деңгейінде үлкен өнім шығыны тек сақтау кезінде ғана емес, сонымен қатар сату алдындағы дайындық кезеңінде де орын алады. Және бұл, тиісінше, бағаға әсер етеді. Оның тәжірибесі бойынша, мұндай заманауи агрологиялық орталықтар шағын және орта фермерлер үшін жай сақтау орны ғана емес, ұсынылған консалтингке сай болатын, бөлшек сауда талаптарына бейімделеді. Өйткені олар «тапсырыс бойынша» жұмыс істеу кезінде сатудың шындығын көреді. (Және ол пиязды экспорттаушы ретіндегі өзінің тәжірибесі туралы айтты), - деп жазды министр.

Бақыт Сұлтанов тауар өткізу жүйесіндегі негізгі мақсатты да атап өтті.

Біздің мақсатымыз – орта және жеке қосалқы шаруашылықтар үшін инфрақұрылым құру. Осындай зәкірлік инфрақұрылым негізінде кластерлік принцип бойынша қосалқы қызметтер: ауылшаруашылық консалтинг, сатылым алдындағы дайындық, ветеринарлық қызмет, көлік және т.б. қосылады, осының бәрі – кооперация үшін тауаша. Ең бастысы, бұл бүкіл Ұлттық тауар өткізу жүйесінің ақпараттық жүйесі. Ол елдегі азық-түлік қауіпсіздігіне қатысты жағдайды бақылап қана қоймай (бұл туралы Мәжіліс депутаты Ләззат Рамазанова айтқан болатын), қолда бар өнімдер туралы ақпаратты жинақтауға да мүмкіндік береді. Ауылшаруашылық кооперациясының алғышарттарын қайтадан жасау арқылы қолданыстағы тауарларды ішкі немесе экспорттық нарыққа, соның ішінде көлемді жинақтау арқылы сатуға мүмкіндік береді. Мен жақында Алматы облысынан біздің алма өндірушілер бір кооперативке бірігіп, ресейлік ритейлер Х5 Retail Group-пен экспорттық келісімшарт жасағандығы туралы айттым: келісімде талап етілетін алманың 9 сұрпын корпоративтік түрде өсіріп, сол арқылы жеткізілімдердің үлкен көлемін қамтамасыз етеді.
Біздің талқылауларымыз екі сағаттан астам уақытқа созылды (және осы тақырыпты Қоғаммен әр талқылау кезінде). Бұл таңғаларлық жайт емес. Алғаш рет егістен сөреге дейін сауда тізбегін құрудың осындай кешенді жобасы құрылуда. Ең бастысы, барлық қатысушылар агрокластердің өнімділігі мен табыстылығын арттыруға, ішкі нарықты отандық өндіріс тауарларымен толтыруға және экспортымызды арттыруға серпін беретін зәкірлі инфрақұрылым құрудың маңыздылығын қолдайды. Біздің тұтынушылар үшін аса заманауи сақтау жүйелеріне қол жеткізуге тең жағдай жасау және баға белгілеудің барлық тізбегінің толық ашықтығы есебінен (өнімнің өзіндік құны – сақтау құны – логистика – сауда үстемеақылары) бағалардың ретсіз болуы, оларды негізсіз асырып жіберу алып тасталатыны маңызды, - деп түсіндірді Сұлтанов.

Сонымен қатар мемлекет басшысының тауар өткізу жүйесін қысқа мерзімде қалыптастыруды тапсырғанын айтып, бұл мақсатта алғашқы жұмыстар атқарылып жатқандығын жазды.

Президент біздің алдымызға тауар өткізу жүйесін барынша қысқа мерзімде қалыптастыру міндетін қойды. Жақын арада жобаның бірінші кезеңін іске асыру бойынша өз қызметтерін ұсынған жеке инвестор (7 Көтерме сауда тарату орталығын құру) жұмысқа кіріседі. Бірінші кезекте 76,5 мың тоннаға дейін өнімді бір мезгілде сақтау мүмкіндігі бар ең заманауи агрологиялық орталықтар Павлодар облысының Мичурино кенті мен Ақсу қаласында; Алматы облысының Қапшағай қаласында, Шеңгелді ауылдық округінде; Жамбыл облысының Шу қаласында пайда болады, - деп жазды Бақыт Сұлтанов.

Өзгелердің жаңалығы