Бізде симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен өтетін концерттер аз – Данияр Өтеген

25 Желтоқсан 2020, 13:37
1204
Бөлісу:
Бізде симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен өтетін концерттер аз – Данияр Өтеген
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ОКҚ-де Disney-дің лицензиялық «Жұлдыздар шеруі» киноконцертінің алғашқы телевизиялық форматтағы тұсаукесері барысында әнші, «RinGo» тобының мүшесі Данияр Өтеген айтты.

Балалық шақтан сүйіп тыңдайтын кейіпкерлердің әндерін орындау үлкен құрмет, үлкен қуаныш. Себебі, бұл әндерді кішкентайымыздан тыңдап қана қоймай, өзіміз де айтып өстік. Осы әлемдік хиттерді өзіміздің ана тілімізде орындау жетістік. Сонымен қатар, мұндай жобалар ана тіліміздің дамуына үлкен үлес қосады деп есептеймін. Сондықтан қай жағынан алып қарасақ та осындай ауқымды жобаға, киноконцертке қатысу үлкен жұмысты талап етеді. Ол көп уақыт дайындықты қажет етеді. Репетицияларының өзі бөлек бір әңгіме. Яғни жүздеген адамның бірлесіп жасайтын жұмысы, - деп түсіндірді әнші.
Ол айтқандай, өнер – ол оңай дүние емес. 
Теледидардан көрермендер тек қана 100% дайын тұрған дүниені көреді. Әдемі жарық, әдемі дыбыс. Бірақ ол үшін көп дайындық жүргізіледі, - деді Данияр Өтеген.
динара2.jpg

Сонымен қатар, әнші киноконцерттің ерекшелігіне тоқталды.

Бізде симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен өтетін концерттер көп емес. Әлемдік деңгейдегі, «Оскар» жүлдесін алған композициялар күнде орындала бермейді, - деді әнші.
ринго1.jpg

«RinGo» тобының мүшесі «Болашақ» қорымен біраз жылдан бері бірге жұмыс істеп келе жатқанын және бірнеше фильмдерге атсалысқанын айтты. Сондай-ақ, елдегі өнердің дамуына үлес қосатын жобаларға қатысуға дайын екенін жеткізді.

Данияр Өтеген «Алладин», «Арыстан патшасы» және «Ханшайым мен құрбақа» фильмдерінің кейіпкерлерін шырқады.



Өзгелердің жаңалығы