Біз жаппай вакцинациялауды бастауға дайынбыз – Сағынтаев

28 Наурыз 2021, 20:13
2069
Бөлісу:
Біз жаппай вакцинациялауды бастауға дайынбыз – Сағынтаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев «Akimat live» тікелей эфир барысында айтты.

Қазір ресейлік «Спутник-V» вакцинасын егі жүзеге асырылып жатыр. Ақпанда біз 1750 вакцинаны құрайтын  алғашқы партияны алдық. Ақпанда вакцинаның басым бөлігін медицина қызметкерлері  екті. Наурыздың басында 10800 доза алынды. Ол медицина қызметкерлері, ұстаздар мен полиция қызметкерлеріне егілді. Қолда бар вакцинаның барлығы іске жарады. Сәуірде вакцинаның ірі көлемі түсуі керек. Бізге бөлінген квота саны 65 сың болды. Бірақ мен кеше Премьер-министрмен сөйлесіп, 65 мың квота аз екенін айттым. Премьер-министр онымсен келісті. Жақын арада біз квота санын арттырамыз, - деді Сағынтаев. 

Алмат әкімі айтқандай, емханалардың барлығы жұмыс істеп, вакцинация бойынша мобильдік бригадалар жұмыс істейтінін айттиы. 

Еуропа мен Мәскеу сияқты ірі алаңдар жаппай вакцинациялауға  қолданылады. Бүгін бірқатар кәсіпкер өз алаңдарын ұсынды. Халық көп жиналмай, ұйымдастырылған түрде жүзеге асырылуы керек. Ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр.  Біз қалада жаппай вакцинацияны бастауға дайынбыз. Тек шектеу шараларымен алысқа бармаймыз. Біз бір жыл бойы бұло тәжірибені қолданып келеміз. Карантинге жабамыз, ТЖ жариялаймыз. Бірақ вирус өзгеріп жатыр, - деді қала әкімі. 

Сағынтаев вирус бізді сүйемелдеп жүргенін айтты. 

Тек вакцина ғана құтқара алады. Сондықтиан жаппай вакцинациялауға түсіністікпен қарауға шақырамын. Ұжымдық иммунитет қалыптасса, қалыпты өмірге ораламыз. Осыдан басқа жол жоқ екенін біз ғана емес, барша әлем көріп отыр, - деді Алматы әкімі.
Өзгелердің жаңалығы