Біз тәліптерді мойындаған жоқпыз – СІМ

20 Тамыз 2021, 16:04
4600
Бөлісу:
Біз тәліптерді мойындаған жоқпыз – СІМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин арнайы брифинг барысында лаңкестік қозғалыс деп танылған «Тәліптерді» мойындамайтындарын айтты.

Бұл тұрғыда кеше Қазақстан СІМ мәлімдеме жасаған болатын. Біз Ауғанстандағы жағдайды жіті бақылап отырмыз. Ондағы әйелдер құқығының сақталуы, өзге өкіл этностарына зорлық-зомбылық көрсетпеу және өзге елдерге қауіп төндірмеу, халықаралық заңның сақталу керек және ол үшін Ауғанстанның жаңа билігімен диалог орнатқан жөн деген БҰҰ кеңесінің мәлімдемесін қолдаймыз. Көпжылдық тәжірибе ауғандықтардың өздері жүргізетін процестің баламасы жоқ екенін растады, ал ел азаматтары мемлекет пен қоғамдық құрылымның ең оңтайлы моделін өздері анықтауы керек, - деді Рахметуллин. 

Сонымен қатар ол әлем халықтары «тәліптерді» мойындап, олармен диалог орнатты деу дұрыс емес дейді. 

Қазір бәрі бақылау үстінде. Бәрі тәліптер өздері жасаған мәлімдемесінде тұра алатындығы мен келісімге келе алатындығына байланысты, - дейді Ақан Рахметуллин.

Өзгелердің жаңалығы