Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында айтты.
Презиент атағандай, бесінші мәселеге ретінде Қазақстан дипломатиясының жаңа келбетін қалыптастыруды жатқызды.Біз тәуелсіздік пен еркіндікке, еліміздің шекарасы мен аумақтық тұтастығына нұқсан келтіретін бірде-бір келісімге жол бермеуіміз керек. Себебі осы қасиетті құндылықтар біз үшін бәрінен қымбат. Біз ең алдымен Қазақстанның мүдделерін табандылықпен қорғауымыз қажет, - деді Тоқаев.
Біздің дипломатиялық қызметке тың серпіліс қажет. Білікті мамандардың Сыртқы істер министрлігінен кетуі оның кадрлық әлеуетін әлсіретуде. Бұл – шын мәнінде, өзекті мәселе. Мен осы министрлік ең консервативті құрылымның бірі екенін білемін. Мұның жақсы жағы да бар. Дәстүр сақталады, кәсіби дипломаттар шоғыры қалыптасады. Дегенмен жағымсыз жағы да жоқ емес, - деді Мемлекет басшысы.