Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін QazСem цемент және бетон өндірушілер қауымдастығымен онлайн-кездесу өтті. Жалған өнімдермен бірлескен «күрестің» алғашқы нәтижелері шығарылды, деп жазды Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Facebook-тегі парақшасында.
Министрдің айтуынша, сауда министрлігі құрылған сәттен бастап нарықты сапасыз тауарлардан тазартуға бет бұрып келеді.
Ол QazСem қауымдастығы - контрафактіге қарсы күрескер деген атаққа ие екенін айтты. Олар өздері шекарада тұрып, Қазақстанға сапасыз немесе ҚР СТ 3361 сәйкес келмейтін өнімнің енуіне жол бермеу үшін иран цементінің стандарттарға сәйкестігін және сертификаттардың болуын тексерді.Қазақстандық тұтынушылар тек қауіпсіз және сапалы өнімдермен қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл халықтың өмір сүру деңгейін арттырудың ажырамас бөлігі. Біздің өндірушілермен цемент саласындағы бірлескен жұмысымыз өз нәтижелерін берді. Бұл менің бағалауым емес. Кездесу барысында өндірушілер қауымдастығының атқарушы директоры Ербол Акымбаев жалған өнімдермен (фальсификатпен) күрес бойынша алғашқы нәтижелерді атап өтті: импортқа арналған «сұр» сертификаттардың саны 95%-ға азайды, нарықтан жосықсыз импорттық ойыншылар кетіп қалды, ал қазақстандық зауыттар өнім шығаруды 9%-ға арттыра алды. Өткен жылы пандемияға қарамастан өндіріс көлемі тарихи максимумға - 10,8 млн тоннаға жетті. Бірақ бұл нәтиже алдында үлкен жұмыс болды, - деді министр.
Оның сөзінше, жалпы ішкі нарықта да, экспортқа да өткізу тақырыбы өзекті болып қала береді. Ел ішінде біз қолда бар қуаттарды барынша жүктеуге тиіспіз.Айтпақшы, бұл сертификат («сәйкестікті бағалау. Отандық және шетелдік өндірушілер арасындағы сертификаттау шарттарын теңестірген цементтерді сертификаттау тәртібі») Техникалық реттеу және метрология комитеті, Қауымдастық, Қазстандарт пен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бірлескен жұмысының жемісі болды. Цемент экспорты үшін зертханалық базаның дамуы үлкен маңызға ие. Кеше ғана біз «Сапа ИнтерСистем» сынақ зертханасын аккредиттедік. Е-аккредиттеу жүйесі арқылы онлайн аккредитацияланды. Бұл ҚР СТ 3361-2019 бойынша сынақ базасын 100%-ға қамтамасыз ететін еліміздегі алғашқы және әзірше жалғыз зертхана. Зертхана директоры Асқар Әзірбаев бүгін «Сапа ИнтерСистем» Ресей Федерациясы сынақ нәтижелері мен біздің өндірушілердің сертификаттарын мойындауы үшін аккредиттеу аттестатын алуды жоспарлап отырғанын хабарлады. Бұл біздің зауыттарға Ресей нарығына шығуға көмектеседі, - деді Сұлтанов.
Қазір бұған белсенді жол құрылысы, әлеуметтік тұрғын үй бағдарламаларын іске асыру ықпал етуде. Бірақ бұл көлемдер жеткіліксіз. Зауыттар толық жұмыс істеуі үшін экспортты да ұлғайту қажет. Тек Ресейге ғана емес, қазір ауқымды құрылыс жүргізіліп жатқан Өзбекстан мен Қырғызстанға да портланд-цемент сұранысқа ие. Біз экспорттаушыларды қолдау құралдары арсеналының бар әлеуетін іске қосамыз. Техникалық реттеу құралдарынан басқа, сала KazakhExport және QazTrade қызметтерін пайдалана алады. Бүгін біз саланың проблемалары мен мүмкіндіктері туралы ұзақ сөйлестік. Салалық мамандармен мұндай кездесулер - біздің министрлік жұмысының ажырамас бөлігі. «Сағаттарды бизнеспен салыстыру» мемлекеттік органдарға сала үшін салмақты және қажетті шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді, - деді ол.