Бұл сұраққа Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Таяуда жабылған McDonald's желілерінің орнына басқа тамақтану орны ашылған.
Мейрамханалар желісі болып саналатын қазақстандық компания «Мы открылись» деген логотиппен жұмыс істеп тұр. Яғни McDonald's бренді Қазақстан нарығынан кетті, - деп түсіндірді Қуаныш Елікбаев Үкіметте өткен брифингте.
Айтуынша, сұрыпталымның 80 пайызы сол жерде бұған дейін болған өнімге сәйкеседі.
Қазір ол жердегі сұрыпталымың 80 пайызы осы уақытқа дейін сатылымда болған. Ол тауарлардың құрамында ауыстыруға келмейтін шикізаттар Ресей Федерациясынан да әкелінуде. Қазақстандық шикізатты, соның ішінде ет және сүт өнімдерін қолдануға қатысты жұмыстар жүргізіліп жатыр, - деді Қуаныш Елікбаев.
Еске сала кетейік, былтыр жазда Қазақстан Республикасының бүкіл аумағындағы McDonald's мейрамханалары жабылды.